Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

8 Қаңтар 2021, 15:47
1326
Бөлісу:
Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Cерік Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

Бұған дейін ол министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

Серік Оспанов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2010 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары ол Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты болды.

Өзгелердің жаңалығы