Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстан Кенжалинов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кенжалинов Арыстан Төлеухадысұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылы Солтүстік Вирджиния университетін «Іскерлік әкімшілік бакалавры» мамандығы бойынша және 2017 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ-да еңбек етті. Сонымен қатар «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдарында директор, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.