Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияның Дженггот елді мекенінде аймақта болған су тасқынынан кейін қызыл өзен пайда болды, деп жазды Reuters.
Судың қызыл түске боялуына Индонезиядағы Пекалонган қаласының оңтүстігінде орналасқан дәстүрлі қызыл батик бояуын шығаратын зауыттың тасқында қалуы себеп болып отыр.
Шенеуніктер су түсінің өзгеруі осы аймақтағы бірнеше зауыт қолданатын зиянсыз бояуларға байланысты екенін айтты.
Судың қызыл түске боялуы зауыттағы бояулардың сумен араласуынан туындады. Су біраз уақыттан кейін жаңбырмен араласса, қалпына келеді, - деді Пеклонган апатының көмекші қызметінің басшысы Димас Арга Юдха.
Жергілікті билік су басқан аумақтарды тазалау үшін су сорғыларын пайдаланды. Жалпы Пекалонган - батик өндірісімен танымал қала.