Индонезияда жер сілкінді

Индонезияда магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 27 Қаңтар 2026, 14:39
27 Қаңтар 2026, 14:39
927
Фото: pixabay.com

Индонезияда магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы сейсенбі, 27 қаңтар күні АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) мәлімдеді.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Шығыс Ява провинциясындағы Понорого округінен оңтүстік-батысқа қарай 19 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің ошағы 127 шақырым тереңдікте тіркелді.

Қазірге дейін қаза болғандар мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Цунами қаупіне байланысты ескерту жарияланған жоқ.

Наверх