Индонезияда жанартаудың атқылауынан 23 адам қаза тапты

8 Желтоқсан 2023, 19:10
468
Бөлісу:
Индонезияда жанартаудың атқылауынан 23 адам қаза тапты

Индонезияда Марапи жанартауының атқылауынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Кеше құтқарушылар тағы 5 альпинистің денесін тапты. 

Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Индонезияның Суматра аралындағы отты тау атқылаған еді. Апат кезінде шыңға шығып бара жатқан 75 альпинист қалып қойып, дереу іздестіру-құтқару жұмыстары қолға алынды. 

Бір күннен кейін 49 адам жерге өздері жетіп, тағы 3-і құтқарылады. Қалғаны із-түзсіз жоғалып кетті. 

Өзгелердің жаңалығы