10 мыңға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Рейтер агенттігі Индонезияның табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттігіне сілтеме жасап жазды. Оқыс оқиға Флорес аралында болды. Отты таудан шыққан күл 2 мың метр биіктікке көтерілген. Ал ыстық магма кратерден алты шақырым қашықтыққа жайылған.
Осыған байланысты жанартауға жақын орналасқан алты ауылдың тұрғындары зардап шекті. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Ғалымдардың айтуынша, алдағы күндері Флорес аралында жер сілкінуі мүмкін.