Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Индонезияда ұшақ апатқа ұшырады

Бүгiн, 19:50
121
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Индонезияның Indonesia Air Transport әуе компаниясына тиесілі шағын ұшақ радардан жоғалып кеткен. Ява аралындағы Джокьякарта қаласынан Оңтүстік Сулавеси провинциясының орталығы Макассарға бет алған ATR 42-500 ұшағы апатқа ұшыраған, деп хабарлайды BAQ.KZ Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, индонезиялық құтқарушылар апат орнынан ұшақтың бөлшектері мен бір адамның мәйітін тапты.

Мәліметке сәйкес, марқұмның денесі Оңтүстік Сулавесидегі Пангкеп округінде орналасқан Булусараунг тауының баурайынан табылған. Іздеу-құтқару жұмыстары таулы аймақта, қатты жел мен қою тұман жағдайында жүргізіліп жатыр.

Бүгін біздің команда ұшақтың бірнеше бөлшегін, сондай-ақ қаза тапқандардың бірінің денесін тапты, – деді іздеу-құтқару тобының жетекшісі, генерал-майор Бангун Навоко журналистерге.

Оның айтуынша, қаза тапқан адамның жеке басы анықталып жатыр.

Ұшақ бортында сегіз экипаж мүшесі және Индонезияның Теңіз істері мен балық шаруашылығы министрлігінің бақылау миссиясына қатысқан үш қызметкер болғаны нақтыланды.

Өзгелердің жаңалығы