Индонезияда су тасқынынан отызға жуық адам қаза тапты

Бүгiн, 08:14
127
Бөлісу:
Индонезияда су тасқынынан отызға жуық адам қаза тапты
Фото: Anadolu Agency

Индонезияның Солтүстік Суматра провинциясында басталған нөсер жауынның соңы аяқ астынан су тасқыны мен селге ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sky News таратқан мәліметке сүйенсек, табиғи апат салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алған.

Синоптиктер төтенше ауа райы жыл соңына дейін жалғасады деп болжап отыр.

Билік хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Нөсер жаңбыр сондай-ақ Медан провинциясының әкімшілік орталығында су тасқынына ұласып, елдегі сайлау процесінің тежелуіне әкелді.

Индонезия метеорологиялық агенттігі 2024 жылдың соңына қарай экстремалды ауа райы болатынын ескерткен. Себебі Ла-Нинья құбылысы тропикалық архипелагтағы жауын-шашын көлемін ұлғайтады.

Елде 17 мыңнан астам арал бар. Ал таулы аудандарда миллиондаған адам тұрады. Үнемі маусымдық жауын қазаннан наурыз айына дейін жалғасып, су тасқыны мен селді тудырады.

Өзгелердің жаңалығы