Индонезияда мектеп ғимараты опырылып, 14 адам қаза тапты

Индонезияның Сидоарджо қаласында ислам мектеп-интернаттың ғимараты құлап, қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.

 oxu.az 4 Қазан 2025 2025, 21:00
4 Қазан 2025 2025, 21:00
601
Фото: oxu.az

Индонезияның Сидоарджо қаласында ислам мектеп-интернаттың ғимараты құлап, қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ ұлттық төтенше жағдайлар агенттігіне (BNPB) сілтеме жасап мәлімдегендей, соңғы мәлімет бойынша 167 адам жарақат алған. Тағы 49 оқушы жоғалып кеткендердің қатарында — оларды іздестіру жұмыстарын біріккен құтқару топтары жалғастырып жатыр.

Қайғылы оқиғаның себебі әзірге анықталған жоқ. Қазір билік орындары тергеу жүргізіп, келтірілген залал көлемін бағалау үстінде.

Наверх