Индонезияда футбол ойынынан кейін 174 адам қаза болды

3 Қазан 2022, 10:26
1180
Бөлісу:
Индонезияда футбол ойынынан кейін 174 адам қаза болды

Индонезияның Денсаулық сақтау министрлігі Маланг қаласындағы стадионда болған оқиға салдарынан 300-ден астам адам жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап жазды.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, жеңілген команданың жанкүйерлері ойыншыларға бөтелкелер лақтырған, одан кейін алаңға қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары жиналған жұртты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған, бұл жағдайды одан әрмен ушықтырды. Адамдар тұншығудан және бас жарақаттарынан көз жұмды.

ФИФА басшысы Джанни Инфантино Маланг қаласындағы жанжалды «футболға қатысы бар әрбір адам үшін қара күн» деп атады.

Қайғылы оқиға Индонезияның Маланг қаласындағы стадиондағы ойын кезінде болды. Футбол матчында болған қақтығыс салдарынан кем дегенде 174 адам қаза тапты.

 

Өзгелердің жаңалығы