Индонезия жағалауында 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Индонезияның Сулавеси аралының жағалауында 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды.

 istockphoto.com 17 Сәуір 2025 2025, 08:11
17 Сәуір 2025 2025, 08:11
1282
Фото: istockphoto.com

Индонезияның Сулавеси аралының жағалауында 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмикалық оқиға UTC уақыты бойынша 00:51-де тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Модисе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым жерде, ал тереңдігі 10 шақырымды құрады.

Әзірге құрбандар мен материалдық залал туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх