Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбіде Индонезия жағалауында 5,3 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
АҚШ Геологиялық қызметі хабарлағандай, цунамиден зардап шеккендер, қирандылар мен қауіп-қатерлер туралы ақпарат түскен жоқ.
Геологиялық қызмет мәліметтері бойынша, эпицентр Набире қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км жерде орналасқан (халқы шамамен 43 мың адам). Ошақ 10 км тереңдікте жатты.