Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Индира Рыстина: Конституциялық реформалар қоғам өміріне тікелей әсер етеді

Бүгiн, 16:11
116
Бөлісу:
 BAQ.KZ  BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ BAQ.KZ

Бұл туралы ЕҰУ проректоры Индира Рыстина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ҚР Конституциясының жаңа жобасын сараптамалық талқылау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Индира Рыстинаның айтуынша, жаңа Конституция жобасы ғылыми және студенттік ортада кеңінен талқыланып жатыр. Онда енгізіліп жатқан өзгерістердің қоғамға, адам өміріне және ел дамуына ықпалы жан-жақты қарастырылуда.

Біз бұл жиынға сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдерін арнайы шақырып, конституциялық өзгерістердің саяси мәнін, олардың қоғамдық ортаға және еліміздің болашақ дамуына қалай әсер ететінін талқылап жатырмыз, – деді ол.

Сондай-ақ проректор қазіргі студенттердің конституциялық өзгерістерден жақсы хабардар екенін атап өтті.

Бұрынғы реформалармен салыстырғанда, бүгінгі жағдай мүлде бөлек. Комиссия отырыстарының тікелей эфирде көрсетілуі мен ашық талқылаулар студенттердің бұл үдерістерге белсенді араласуына мүмкіндік беріп отыр, – деді Индира Рыстина. 

Ұлттық университет ретінде ЕҰУ-де зайырлылық қағидаттарына ерекше мән берілетінін айтқан ол, осындай алаңдарда конституциялық реформаның талқылануы білім мен ғылымға беріліп отырған басымдықтың айқын көрінісі екенін жеткізді.

Жанерке ЖӘКЕН

Өзгелердің жаңалығы