Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны бір күнде 74,3 мыңнан асты.
Тіркелген жағдайлардың жалпы саны 7,05 миллион адамнан асты, деп хабарлайды Үндістанның денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі.
Үндістан коронавируспен ауыратындар саны бойынша әлемде екінші орынды алып отыр. Коронавирус бойынша көшті 7,7 миллион науқаспен АҚШ бастап отыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, күніне 1 миллионнан астам тест нәтижелері бойынша дәрігерлер ауруды жеңген 89 мыңнан астам адамды анықтады. Соңғы мәліметтер бойынша коронавирустан қалпына келгендердің жалпы саны 6 миллион адамнан асты.
Ауруханаларда 867 мыңнан астам адам емделуде. Өткен тәулікте бұл сан 15,6 мың адамға азайды. Қайтыс болғандардың саны 108 мыңнан асты, бір күнде аурудан 918 адам қайтыс болды.