Талдықорғанда 3 баланың анасы жоғалып кетті

3 Маусым 2022, 10:00
3725
Бөлісу:
Талдықорғанда 3 баланың анасы жоғалып кетті
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. 3 айлық баласын абысынына ұстатып кеткен Шолпан Шайзанова он күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай facebook-тегі парақшасына жазды.

Соңғы кезде балалы әйелдер көп жоғалуда. Қазір келемін деп 3 айлық баласын абысынның қолына ұстатқан Шолпанның із-түссіз ғайып болғанына бүгін 10-шы күн. 5 минут күтіп, нәресте мазасызданған соң артынан іле-шала шыққан абысыны жер сипап қалды. Шыққан із бар, көрген із жоқ,-деп жазды Г. Әбіқай.

Із-түзсіз кеткен Шайзанова Шолпан Төлеуханқызы (30.05.1984) 3 баланың анасы Талдықорғанда тұрады екен. Жолдасы әкімдікте қызметте, ұрыс-керіссіз үлгілі отбасының бірі деседі білетіндер.

Талдықорғанда 3 баланың анасы жоғалып кетті

Туған әпкесі Сәуле Шолпанның послеродовой депрессияда жүргенін айтып қалды. Палшылар есінен танып адасып жүруі мүмкін деп болжапты. Үйден шыққанда үстінде қара трико, ақ футболка болған. Талдықорғанның 200 еріктісі хабарландыру жабыстырып, табылады-ау деген жақтың бәрін қарап шыққан. Шолпанды көрдім-білдім деген жан баласы жоқ.Тек үйдегі 3 айлық әлдиге мұны қалай түсіндіресің, емшек іздеп шырқырауда,-деп жазды журнилист.

Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Әйелді іздестіру жүріп жатқанын және бұл жайтты бақылауда ұстап отырғандарын жеткізді.

Кім де кім фотодағы әйелді танып, біліп, көріп қалса мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: 
+7 708 392 9471, 102.
 

Өзгелердің жаңалығы