Нарендра Моди Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер туралы пікір білдірді

27 Қаңтар 2022, 17:11
1752
Бөлісу:
Нарендра Моди Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде айты. 

Соңғы 30 жылда біздің ынтымақтастық үлкен жетістіктерге жетті. Үндістан Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Қазақстан -  біздің энергетика қауіпсіздігі саласындағы тиімді серіктесіміз. Қазақстанға жақында болған оқиғаларда қаза тапқандарға көңіл айтамын,- деді Нарендра Моди. 

Сондай-ақ ол қалған Орталық Азия елдерімен де ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін айтты. 

Айта кетейік, саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары қатысып жатыр. 

Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтіп жатыр.

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.

Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде.

 

Өзгелердің жаңалығы