Кардиолог жүрекке пайдалы үш өнімді атады

2 Маусым 2022, 04:25
1736
Бөлісу:
Кардиолог жүрекке пайдалы үш өнімді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кардиолог Герман Гандельман қан тамырлары мен жүректің жұмысына пайдалы қарапайым әрі қолжетімді өнімдерді атады, деп хабарлайды Gazeta басылымы.

Гандельманның айтуынша, ақжелкен жүрекке пайдалы. Оның құрамында жүректің дұрыс жұмыс істеуіне қажет калий бар, оны кептіріп қолданған дұрыс. Күніне бір ақжелкенді қолдану үш ас қасық калийдің орнын басады. Сондай-ақ дәрігердің сөзінше, диетаға чили бұрышын қосқан жөн.

Чили бұрышын қолданатын адамдарда тамыр жақсы кеңейеді. Тар тамырлар нәзік болады, бұл қан кету қаупін тудырады, күніне бес грамм ащы бұрыш жеу керек, – деді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, скумбрия да жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартуға қабілетті. Бұл майлы теңіз балығы денені атеросклероздың дамуынан қорғайтын полиқанықпаған май қышқылдарына бай.

Өзгелердің жаңалығы