Грузияда күшті жер сілкінісі орын алды

2 Мамыр 2022, 11:40
2134
Бөлісу:
Грузияда күшті жер сілкінісі орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда қатты жер сілкінісі болды. Табиғи апат жергілікті уақыт бойынша 1 мамыр күні 23:35-те тіркелген, деп хабарлайды «Новости-Грузия». 

Ұлттық сейсмикалық мониторингілеу орталығының мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 5,3-ті құраған. Апат Квемо-Картли өңіріне қарасты Дманисск муниципалтитетінің Ирганчай ауылына жақын маңда орын алған. 

Дүмпу зілзаладан 80 шақырым жерде орналасқан Тбилисиде де сезілген. Келтірілген шығындар туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.  Дманиси мен Ниноцминда (Квемо-Картли және Самцхе-Джавахети аймақтары) арасындағы аумақ соңғы уақытта сейсмикалық аймаққа айналып отыр. Күн сайын жерасты дүмпулері орын алады. Ең күшті жер сілкінісі биыл 13 ақпан күні орын алды. Оның магнитудасы 6,1-ді құраған. Салдарынан мектеп ғимараты мен 20 шақты үй қираған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы