Данилина AusOpen-2022 турнирінің ширек финалына өтті
23 Қаңтар, 14:19 548

Данилина AusOpen-2022 турнирінің ширек финалына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Анна Данилина өз мансабында алғаш рет Үлкен Дулыға турнирінің жұптық сынының 1/4 финалында өтті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп Австралия чемпионатының үшінші айналымында Алена Большова (Испания) және Ульрикке Эйкеримен (Норвегия) шеберлік байқасты.

Екі сағат 35 минутқа созылған матч Анна мен Беатрис үшін ерлік пен ерік-жігердің қиын-кескі сынына айналды. Ақыры олар жеңіске жетті.

Соңғы үшінші партияда олар 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді, бірақ дер кезінде жинақталып, ұпайды теңестіре алды, содан кейін тай-брейкте сәттілікке қол жеткізді.

Қорытынды нәтиже– 3:6, 6:4, 7:6 (10:5), әрине ұпай Данилина мен Майяның пайдасына шешілді.

Қазақстандық Максим Батютенко жасөспірімдер арасындағы негізгі турнирдегі жолын сәтті бастады.

Австралия чемпионатының бірінші айналымында 17 жасар теміртаулық теннисші ағылшындық Мэтью Рэнкинді 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...