Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін

10 Тамыз 2022, 18:40
1572
Бөлісу:
Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін

Ғылым және жоғарғы білім министрлігіне қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоба ретінде қарастырылып жатуы мүмкін. Біз грант иесінің өзінің оқу орынын бітіргеннен кейін 3 жыл өтеуі керек екенін білеміз. Оның қысқаруы талқыланып жатыр. Кейін қаулы қабылданған кезде бірден құлақдар етеміз, - деді министрлік өкілі.

Ержан Әмірбекұлы шектік балы жетпей қалған түлектердің уайымдауына еш себе жоқ екенін айтты.

ҰБТ-дан өтіп бірақ пәндерден шекті балл жинай алмай қалған талапкерлер болуы мүмкін. Олардың қам жеуіне еш негіз жоқ. Олардың бәрі шартты түрде жоғары оқу орындарына қабылданады. Және студент ретінде бір семестр оқып, келесі жылы қаңтар айында болатын ҰБТ-ға қатысып, тиісті межелік баллды жинағаннан кейін толық студент ретінде оқуын жалғастырады. Яғни, ақылы түрде білім ала алады, - деді Ғылым және жоғарғы білім министрлігіне қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы.

Өзгелердің жаңалығы