2 маусымға арналған ауа райы болжамы

2 Маусым 2022, 06:30
1441
Бөлісу:
2 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 2 маусымда Қазақстан территориясының басым бөлігіне Солтүстік антициклоны әсер ете бастайды. Осының салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында циклонның әсерінен жаңбыр мен найзағай, бұршақ, дауыл сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік аудандарда түнде және таңертең – тұман, батыста, солтүстік-батыста топырақ бетінде үсік жүреді. 

Ақмола облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с. 

Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл, оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді. 

Күндіз Түркістан облысының батысы, таулы аудандарында дауыл тұрады. Желдің күші 23 м/с асады. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы, Қызылорда облысының солтүстігі, орталығы, күндіз Қарағанды облысының солтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 

Павлодар облысының оңтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с, түнде шығыста тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында - бұршақ, дауыл, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында желдің күші 25 м/с асады.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, күндіз солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы