Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 17 наурыздағы ақпаратты COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жариялады.
17 наурыздағы мәлімет бойынша 8 992 адам коронавирус инфекциясынан (7 942 КВИ+ және 1 050 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
747 пациент стационарда,
8 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
75 адамның жағдайы ауыр,
14 пациенттің жағдайы өте ауыр,
13 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.