Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 23 наурыздағы ақпарат жарияланды.
23 наурыздағы мәлімет бойынша, 21 888 адам короновирус инфекциясынан (18 982 КВИ+ және 2 906 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 418 пациент стационарда, 15 470 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 291 адамның жағдайы ауыр;
• 69 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 2021 жылғы 21 наурыздағы мәлімет бойынша 10 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталып, 188 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 50 131, өлім жағдайлары - 664, барлығы 46 561 адам сауығып шықты.