Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 12 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.
12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 403 адам короновирус инфекциясынан (11 499 КВИ+ және 11 904 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 711 пациент стационарда, 17 692 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 283 адамның жағдайы ауыр;
• 57 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 25 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 41 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: Науқастар саны – 46 375, өлім жағдайлары - 526, барлығы 33 945 адам сауығып шықты.