Шығыс Қазақстанда індет жұқтырған соңғы бір адам жайлы ақпарат

23 Сәуір 2020, 00:06
1932
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда індет жұқтырған соңғы бір адам жайлы ақпарат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам туралы ақпарат таратты.

Қауіпті инфекция Өскемен қаласының тұрғынынан анықталып отыр. 1971 жылғы ер азамат COVID-19-ды жұқтырғаны 21 сәуірде анықталған адаммен жақын байланыста болғандықтан, тексеруден өткен. 22.04.2020 жылғы анализ қорытындысы оның да коронавирусты жұқтырғанын көрсетті. Эпидемиологиялық анамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған. Науқас оқшауланып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Қазіргі уақытта онымен қарым-қатынас жасаған азаматтарды анықтау және оқшаулау, эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр - делінген хабарламада.

22 сәуір күнгі жағдай бойынша облыста жалпы 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Өзгелердің жаңалығы