АҚШ иммиграцияға тыйым салды

23 Сәуір 2020, 22:12
1480
Бөлісу:
АҚШ иммиграцияға тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус індетіне байланысты иммиграцияны уақытша тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Президент жұмыс орындарын сақтап, медициналық ресурсты үнемдеу үшін осындай шешім қабылдағанын айтты.

"Экономикамыз қалпына келе бастаған сәтте жұмыссыз америкалықтар жұмыс орындарына кезекке бірінші болып тұрады, бұл соған кепілдік болады" - деді Трамп.

Бұған дейін Трамп жарлық 60 күнге дейін күшінде болады, қажет болған жағдайда ұзартылады деп мәлімдеген.

Жарлық 24 сәуір түнде күшіне енеді және АҚШ аумағынан тыс жерде тұрып жатқан виза алып үлгермеген шетел азаматтарына қатысты. Тек медицина қызметкерлері мен АҚШ азаматтарының туыстарына елге кіруге рұқсат берілуі мүмкін.

АҚШ-та иммиграция мәселесі федералдық заңмен реттелгендіктен президенттің иммигранттардың елге кіруін тоқтату талпынысы сотта қаралуы мүмкін.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлемде бірінші орында тұр. Мұнда 840 мыңға жуық адамнан коронавирус табылған, 46 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы