Имидждік шараларға жұмсалатын қаржы әлеуметтік төлемдерге жіберіледі – Қаржы министрлігі

10 Наурыз 2020, 11:49
1380
Бөлісу:
Имидждік шараларға жұмсалатын қаржы әлеуметтік төлемдерге жіберіледі – Қаржы министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мемлекеттік бюджеттік ақшаны оңтайландыру мақсатында қолданылуы мүмкін шараларды атады.

Мұнай бағасы тасымалдауды қоса есептегенде 27 доллар шығады. Сонымен 49 үлесі – өз бағасы. Мұнай өндіретін компаниялардың салықтық жүктемесі – 35%. 2020 жылы 4 трлн 816 млрд теңге түсім кіруі жоспарланған. Мұның бәрі Ұлттық қорға кетеді. Республикалық бюджетке 1,019 трлн теңге экспорт кеден салығы түрінде түседі. Егер мұнай бағасы 25 доллардан төмен болса, бұл төлемдер 0-ге тең болады. Яғни экспортты кеден салығы бойынша республикалық бюджетке түсетін қаржы. Қалған мұнай секторынан түскен ақша Ұлттық қорға кетеді, - деді Берік Шолпанқұлов.

Вице-министр имидждік шаралар азаятыны туралы айтты.
Шығыстарды қысқарту не оңтайландыру үшін қолданылатын шараларға тоқталсам, қымбат жиһаздар мен көліктер сатып алу тоқталады, имидждік шаралар азаяды, сондай-ақ басым емес шығындар тоқтатылады. Бұлардың барлығы әлеуметтік төлемдер жүргізуге жіберіледі. Тағы қайталап өтейін, барлық әлеуметтік төлем толық көлемде беріледі, мемлекет азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындайды, - деді вице-министр Шолпанқұлов Үкімет үйіндегі баспасөз конференциясында.
Өзгелердің жаңалығы