Иманбектің шетелдік диджеймен бірігіп жазған туындысы шықты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық диджей Иманбек өз тыңдармандарын тағы бір туындымен қуантты.</h4>

 7 Маусым 2021 2021, 19:26
7 Маусым 2021 2021, 19:26
1991

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық диджей Иманбек өз тыңдармандарын тағы бір туындымен қуантты.

Бұл жолы ол ағылшын-норвегиялық музыкалық продюсер, диджей Алан Уокермен бірлесіп трек жазды.

Туындының анонсын Иманбек те, Уокер де Instagram парақшаларына салды. 

Sweet Dreams деп аталатын композицияның үзіндісі YouTube-ке жүктелді.


Алан Олав Уокер 2015 жылы шыққан Faded синглынан кейін әйгілі бола бастады. Сол кезде ол бірнеше елде платина мәртебесіне ие болып, YouTube-те 3 млрд қаралым жинады.

2020 жылдың қорытындысына сәйкес DJ Magazine журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік диджейлер тізімінде 26-орынға тұрақтады.

Наверх