"Төрт әйелі мен зәулім сарайы бар": Имамға жала жапқан ер адам сотталды

Бүгiн, 16:05
499
Бөлісу:
"Төрт әйелі мен зәулім сарайы бар": Имамға жала жапқан ер адам сотталды
VIDEO
Фото: Видеодан кадр

"Астана имамының зәулім үйі" туралы ақпарат таратқан ер адам айыппұл арқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін Б.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі).

Тергеу барысында құқық бұзушы әлеуметтік желілерде зәулім үйдің бейнеролигін жариялап, оны халықтың қайырымдылыққа берген қаражатына салынғанын және Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін мәлімдегені анықталды. Бұл әрекеті арқылы ол жәбірленушінің ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан, - делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің нақты кімге тиесілі екенін және қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін түсіндірді. Ол бейнероликті тек қызығушылық үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірді. Жәбірленуші соттан өзін қаралаған адамды заң аясында жазалауды сұрады.

Сонымен сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырып, шешім шығарған.  

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы