Имамбаев чемпионаттан кейін спортшылардың төбелесуіне қатысты пікір білдірді

23 Маусым 2021, 13:42
2851
Бөлісу:
Имамбаев чемпионаттан кейін спортшылардың төбелесуіне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазақстан барысы турниріне 10 жыл» туралы брифингте Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Абат Имамбаев айтты.

Өткен аптаның соңында Qazaq kuresi бойынша республикалық жарыс өтті. Жарыстан кейін спортшылар төбелесіп, пышақтауға дейін барған. Осыған қатысты Абат Имамбаев түсініктеме берді.

2000 жылғылар арасында республикалық чемпионаттан кейін осындай жағдай орын алды. Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Спортшының жағдайы жақсы, жазылып келеді. Оның денсаулығы қадағаланып отыр. Тараптардың жауапкершілігіне келсек, бұл мәселе бойынша команданы алып келген бас бапкерге жүктеледі. Себебі ол алып келген командасына жауап береді. Болашақта тәртіптік кеңесте бұл мәселені талқылаймыз. Оқиғаға қатысты әрбір азамат қатаң жазаға тартылады, – деді ол.

Имамбаев атағандай, болашақта да бапкерлердің орнында болуы мен спортшылардың қалай тұрып жатқаны реттелетін болады.

Біз енді осындай жағдай қайталанбайды деп үміттенеміз, - деді Абат Имамбаев.

Өзгелердің жаңалығы