Илон Маск жасанды интеллектіні бақылауға алатынын айтты

18 Сәуір 2023, 17:46
838
Бөлісу:
Илон Маск жасанды интеллектіні бақылауға алатынын айтты
Фото: Britta Pedersen / AFP

Америкалық бизнесмен, Twitter желісінің басшысы Илон Маск тележүргізуші Такер Карлсонға берген сұхбатында жасанды интеллектті бақылайтын агенттік құрғысы келетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен бұрыннан бері жасанды интеллект саласын реттеуді жақтап келемін, - деді ол Fox News YouTube арнасында. 

Кәсіпкердің айтуынша, АҚШ көптеген лицензиялық агенттік мен басқа да мәселелерді реттейтін мекемелер бар.

Менің ойымша, біз бұған [жасанды интеллектті дамытуға] байыппен қарауымыз керек және бізге бақылайтын агенттік қажет, - деді ол.

Масктың сөзінше, саланы зерттей келе, ведомство өзінің ережелер жинағын ұсынуы қажет.

Сонымен қатар Маск TruthGPT деп аталатын «адал» чат-боттың нұсқасын жасауды жоспарлап отырғанын айтты. Оның айтуынша, платформа ChatGPT чат-ботымен бәсекеге түседі.

Мен TruthGPT деп аталатын нәрсені немесе ғаламның табиғатын түсінуге тырысатын әрі ақиқат іздейтін жасанды интеллектті іске қосамын, - деп атап өтті кәсіпкер.

Өзгелердің жаңалығы