Әйгілі америкалық кәсіпкер Илон Маск шілде айынан бері Дональд Трампты қолдайтын білдіріп, саяси комитетке кемінде 75 миллион доллар бөлген. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Федералды сайлау комиссиясы жариялаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Hill басылымының мәліметінше, бұл есепті America PAC комитеті алғашқы рет жариялап отыр. Басылымның хабарлауынша, келесі есеп 24 қазанда ұсынылуға тиіс және ол 1-16 қазан аралығындағы кезеңді қамтиды.
Илон Маск жылдар өте келе саяси белсенділігімен ерекшеленіп, X әлеуметтік желісінде АҚШ саясатына қатысты мәселелерді жиі талқылап келеді. Бұған дейін ол демократтарды да, республикашылдарды да сынға алып, ешбір партияны қолдамайтынын мәлімдеген еді. Уақыт өте оның көзқарасы оңшыл бағытқа өзгеріп, биыл республикашыл партияға ашық түрде қолдау білдірді.