Илон Маск 2024 жылға болжам жасады

3 Қаңтар 2024, 15:02
1548
Бөлісу:
Илон Маск 2024 жылға болжам жасады
Фото: interesnyefakty.org

Илон Маск өзінің әлеуметтік парақшасында оқырмандарынан келген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Миллиардердің оқырманы «соңғы төрт жылдан соң, адамдар жақсы 2024 жылға лайықты емес пе?» деп сұрақ қойған еді. Ол «2024 жыл тіптен қараңғы болады» деп жауап қайтарды.

Сонымен қатар әлеуметтік парақшасына "LFG 2024" қолтаңбасы бар тағы бір хабарлама жасады. Сарапшылар Илон жасаған болжамы АҚШ-тағы алдағы президент сайлауына байланысты болуы мүмкін дейді.

Бірқатар сарапшы алдағы жыл Америкада ғана емес, бүкіл әлемде демократия үшін үлкен сынақ болатынына сенімді. Мемлекет басшысының сайлауы өткен жылы 60-тан астам елде өтеді. Олардың нәтижелері геосаяси шиеленістің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы