Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. </p> <br> </h4>

 24 Желтоқсан 2019 2019, 16:30
24 Желтоқсан 2019 2019, 16:30
6213

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты.

Наверх