Ильинге Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылды ма? – Бас прокуратура жауап берді

14 Маусым 2023, 11:51
847
Бөлісу:
Ильинге Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылды ма? – Бас прокуратура жауап берді
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Бас прокуратура ТЖМ экс-басшысына қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тергеуге байланысты бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильинге Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылды ма? – деп сұрады журналистер Бас прокуратурадан Мәжілістің кулуарында.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев қазір қазіргі күні тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Жоқ. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ешкімнің іс әрекеті сараланған жоқ. Тергеудің басталғанына шамалы ғана күн өтті. Сол себепті мұнда сіз айтқан лауазым иесі де және басқа да лауазым иелеріне әлі қылмыстық іс бойынша статус жоқ. Олардың іс әрекеті сараланбады, - деп жауап берді ол.

Айтуынша, қазіргі күні тергеу тобы тиісті барлық шараны жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы