Алматы облысы ТЖМ құтқарушылары туристерге көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін түнде ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы екі ер адамға көмекке келді. Олар Іле Алатауының Сол Талғар шатқалына жорыққа шығып, аралда қалып, өзеннен кері өте алмады. Жақын маңда жүрген туристерден құтқарушыларға хабарласуын сұрады.
Құтқарушылар ер адамдарды альпинистік жабдықтардың көмегімен ағысы күшті өзеннен өткізіп, Талғар асуы арқылы Алматы қаласына аман-есен жеткізді. Туристерге медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.