Іле Алатауы тауларында екі турист адасып кетіп, табылды

28 Тамыз 2023, 14:41
1032
Бөлісу:
Іле Алатауы тауларында екі турист адасып кетіп, табылды
Фото: Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі

27 тамызда Медеу ауданындағы тауларда екі турист адасып кеткені туралы хабарлама түсті. Сағат 21:45-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары туристерді іздеуге аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі мәлімдеуінше, олардың қатарында бір кинологта бар. Тауда қатты жаңбыр жауып, іздеу-құтқару жұмыстары қиын климаттық жағдайларда жүргізілген. 

Туристер сағат 00:15-те  Фурманов шыңының «качели» аймағына барар жолда, Кімасар асуының жоғарғы ауданынан табылды.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таудағы қауіпсіз сапардың кейбір ережелерін еске салады! 

Қажетті заттар: қосалқы киім жиынтығы, телефонға арналған қосымша қуат көзі, қол шам, су өткізбейтін қапқа салынған сіріңке, алғашқы көмек жинағы болуы керек. 

GPS навигаторы мен шағылыстыратын көкірекше болған абзал. Түстен кейін зерделемеген бағытқа шықпау, бейтаныс соқпақпен бағытты қысқартып жүру ұсынылмайды. 

Жорықтың негізгі бөлігі таңертең, күн жарықта жүрілу керек.

Өзгелердің жаңалығы