Іле Алатауында жоғалған студенттер құтқарылды

12 Наурыз 2019, 15:38
2904
Бөлісу:
Іле Алатауында жоғалған студенттер құтқарылды

Астана, BAQ.KZ. Төрт студент 10 наурыз күні таңертең Көк Жайлау- Просвещенец бағытына туристік жорыққа шығып, адасып кетті.

Өткен демалыс күні Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле Алатауы тауларында адасқан қыздардың іздедеу жұмыстарын жүргізді. 

РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы жеті адам, оның біреуі кинологиялық есеппен тез арада шақырту орнына шықты. Жоғалған адамдар табылып, медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ.

Құтқарушылар тауға шығар алдында, жақындарыңызға немесе таныстарыңызға сіздің бағытыңыз және болжамды қайтып келу уақытыңыз туралы хабарлауды еске салады. Бағытқа шықпас бұрын бағытыңызбен және оның өту шарттарымен танысыңыз. Тауға жиналғанда, ыңғайлы треккинг аяқ киімін киіңіз және таулардағы температуралық режимнің өзгеруі туралы есте сақтаңыз (әрбір 100 метр сайын шамамен бір градусқа төмендейді). Сондықтан тауларда елді мекенге қарағанда әлдеқайда суық. Бұл туралы есте сақтаңыз және тиісті киімді таңдап, жылы киім алыңыз. Өз күшіңізді есептеңіз және сізбен бірге жүретін ең әлсіз және кішілердің жүрісін есепке алуды ұмытпаңыз.

Өзгелердің жаңалығы