Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оған парк қызметкерлерінен басқа Алматы қаласы туризм басқармасының, табиғатты қорғау полициясының өкілдері, еріктілер, "Kaz Eco Patrol" РҚБ, орманшылар, мемлекеттік инспекторлары бастаған 17 адам қатысты.
Осы бірлескен іс-шара барысында экологиялық заңнаманы бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, орман фаунасының жойылуы мен зақымдануының, сондай-ақ қалдықтармен бітелуінің 1 фактісі тіркелді. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелері мен орманның санитарлық ережелерін бұзудың 3 фактісі тіркелді.
Айта кету керек, Іле-Алатау паркіне жыл сайын 250 мыңнан астам турист келеді. Келушілердің көбеюін ескере отырып, ұлттық парк антропогендік факторлардың әсерін азайту үшін туристік маршруттар мен соқпақтардың орналасуын үнемі қадағалап отыруы керек.
Осыған байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды және сұрыптауды енгізу бойынша жол картасы жасалды.
Оны жүзеге асыру аясында 2020 жылы 2 заманауи қоқыс тасығыш, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 135 контейнер және органикалық және тамақ қалдықтарына арналған 90 контейнер сатып алынды. Жыл басынан бері саябақ аумағынан 400 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, өрт қаупі жағдайын ушықтырмас үшін ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап саябақ аумағында от жағуға тыйым салынатынына назар аударған жөн. От жағуға және қоқыс тастауға қатысы бар адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.