Ақсай шатқалындағы өртті әлі сөндіріп жатыр

29 Қыркүйек 2021, 13:33
4280
Бөлісу:
Ақсай шатқалындағы өртті әлі сөндіріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қыркүйекте сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Алматы облысы Қарасай ауданының Ақсай шатқалындағы «Іле-Алатау» МҰТП аумағындағы бір учаскеде шымтезек төсеніші түтіндеп, бықсып жатыр.

Бұл аймақтын айналасында жерді қазу және жырту жұмыстары жүргізілді.

Өрт орнында Ақсай орман шаруашылығының, Қазавиаорманқорғау және Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылған. Бүгінгі күні түтіндеуді жоюға 38 адам, 8 техника және 3 жылқы жұмылдырылды, - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 шақырым қашықтықта және «Радуга» бау-бақша қоғамы 8 шақырым қашықтықта орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйектен бастап Алматы облысы Қарасай ауданы, Ақсай шатқалында, «Іле-Алатау» МҰТП аумағындағы жеаулы жерлерде, биіктігі 2000 метр жерде орман төсеніші, жапырақтардың және құрғақ шөптің жанған.


Өзгелердің жаңалығы