Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына өтініш беру немесе консультация алу үшін 515 000-нан астам адам қоңырау шалды. Қазстат деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 2019 жылы 1 078 384 адамды құраған. Бұл елорда халқының жартысына жуығы iKOMEK-ке жүгінетінін білдіреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары өтініш берудің цифрлық тәсілдерін белсене пайдалануда. Атап айтсақ, 60 000-нан астам астаналық өтініш беру үшін әкімдік сайтын (astana.gov.kz), WhatsApp және Telegram чат-боттарын және iKOMEK109 мобильді қосымшасын пайдаланады.
Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары көбінесе қоғамдық көлік, денсаулық сақтау, білім және жол инфрақұрылымы мәселелері бойынша жүгінген.
Сондай-ақ, маусымдық сипатқа ие, қалада орын алатын белгілі бір оқиғалар: ҚР Президентінің сайлауы, масаның қаптауы, оқу жылының басына дайындалу және т.б. қатысты сұрақтар келіп түсті. Сондай-ақ, әрбір қала тұрғыны Қалалық iKOMEK109 орталығына өтініш беріп, оның атқарылу дәрежесін цифрлық сервистердің кең ауқымымен қадағалай алады. Олардың саны бүгінде 9:
iKOMEK109 мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMatket);
Әкімдіктің ресми сайты www.astana.gov.kz;
Whatsapp - бот: +7-747-109-0-109 (https://wa.me/+77471090109);
Telegram - бот: https://t.me/nursultanikomek109_bot
Smart Astana мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket);
109@iKOMEK109astana.kz-ке электрондық хабарлама; барынша ыңғайлы болуы үшін әлеуметтік желілерде өтініш жіберу мүмкіндігі бар
Instagram https://www.instagram.com/iKOMEK109/;
Facebook https://www.facebook.com/iKOMEK109/;
Aitu.city порталы.