ІІМ: Жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

31 Шілде 2023, 11:30
644
Бөлісу:
ІІМ: Жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Өткен аптада республика аумағында 2917 астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді.

Бір апта ішінде 2917 қылмыс жасалды, оның 1698-ы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.

Айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.

Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 38 тонау және 364 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Ақтоты Боранова.

Өзгелердің жаңалығы