Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бір апта ішінде еліміздің аумағында 2800-ден астам қылмыс жасалған.
Бір апта ішінде 2832 қылмыс жасалды, оның 1795-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Айтуынша, тәртіп сақшылары бірқатар қылмысты ізін суытпай ашқан.
Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 49 тонау және 413 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді министрлік өкілі.
Сонымен қатар ол өткенд Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Сенаттың жалпы отырысында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтыруларға қатысты заң жобасын ұсынғанын атап өтті.
Заңда «азаптау» ұғымы нақтыланады және алғаш рет қазақстандық заңнамаға «қатігездік» анықтамасы енгізіледі.
Түзетулер барлығы алты бағытқа байланысты, осы өзгерістер арқылы қылмыстық сот төрелігі саласында адам құқықтарын іске асыру тетіктерін кеңейту жоспарлануда. Осыған байланысты, жаңа түзетулерге орай қатыгез қарым-қатынас жасағаны үшін құқық бұзушылық құрамы арнайы енгізіледі. Бұдан басқа, отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтардың құрамына «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділігі бар адамға қысым жасауға қатысты» деген біліктілік белгілері енгізіледі, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Осылайша, қылмыстың ауырлығы артып, бас бостандығынан айыру санкциясы артады деп күтілуде.