Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты.
Жүргізушілер тәртібін арттыруда жол жүрісі қағидаларын анықтайтын автоматты жүйелер маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда еліміздің жолдарында 17 мыңға жуық автоматты камера орнатылған. Оның көмегімен жыл сайын жол бойындағы барлық бұзушылықтың 40 пайызы анықталады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасын әзірледі. «Сергек» бейнекамералары мен полицияның жедел басқару орталықтары басқаратын полицияның мобильдік планшеттері біріктірілді, - деді ол.
Қожаев айтқандай, қосымшада жүргізушілердің қазіргі орны туралы мәлімет көрсетіледі.
Оның ішінде көлікті жалған нөмірмен басқаратын жүргізушілер, техникалық байқаудан өтпеген, сақтандыру қағазы жоқ жүргізушілер 10 минут ішінде екі немесе одан да көп жол ережесін бұзғандар бар. Полиция қызметкерлері олар туралы ақпарат алып, апаттың алдын алады. Шымкент қаласында 1-21 сәуір аралығында Полиция департаменті базасында аталған қосымшаны пайдалану арқылы жедел шаралар өткізілді. Бір күнде 2 мыңнан астам жол ережесін бұзған 95 автокөлік ұсталды,- деді ол.
Марат Қожаев айтқандай, «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасының көмегімен жалған мемлекеттік нөмірі бар 36 автокөлік, сақтандыру полюсі жоқ 51 шетелдік көлік, 107 рет жол ережесін бұзған 3 автокөлік анықталды.
Оларға 3 млн теңге айыппұл салынды. Осындай шара елорда мен Алматыда жүзеге асырылуда. Бір күнде 45 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Бұл шаралар жол ережесін сақтауға, бұлтартпау қағидатын сақтауға арналған. Бұл шараны ІІМ барлық өңірде енгізеді, - деді ол.