«ІІМ үздік жедел уәкілі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

4 Қазан 2021, 18:34
3872
Бөлісу:
«ІІМ үздік жедел уәкілі» байқауының жеңімпаздары марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР ІІМ жедел бөлімше қызметкерлері арасында өткен «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауға еліміздің криминалдық полиция бөлімшелерінің 17 үздік жедел қызметкері қатысты.

«ІІМ үздік жедел уәкілі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау – ішкі істер органдары қызметкерлерінің басты міндеті. Қызметтік борышын адал атқару үшін полицей кәсіби білікті және білімді болуы тиіс, – деді ведомство басшысы.

Министр бүгінгі таңда ең күрделі және аса шытырман қылмыстар жедел қызметкерлердің білімі мен дағдыларының, олардың табандылығының, адалдығының, батылдығы мен қылмысқа қарсы күрестегі жедел тапқырлығының арқасында ашылатынын атап өтті.

«ІІМ үздік жедел уәкілі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ерлан Тұрғымбаев соңғы уақытта қоғамды ақпараттандырудың дамуына байланысты қылмыстардың саны артып келе жатқанын жеткізді. Жылдан жылға олардың саны қарқынды өсуде. Жыл басынан бері елімізде 16 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген, бұл барлық қылмыстардың 15% - ын құрайды. Ақпараттық технологиялар қолданылатын басқа да қылмыстардың саны арта бастаған.

Сондықтан қазіргі жағдайда жедел-іздестіру қызметінің базалық білімдерінен басқа, жедел қызметкерлер цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдылары мен іскерліктерін дамытуы қажет.

Жалпы, өткізілген байқау жедел-іздестіру қызметін одан әрі дамытуға және жедел уәкілдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді.

«ІІМ үздік жедел уәкілі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы