Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөліністерін тарта отырып, еліміздің 5 өңірінің (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола және Манғыстау обылыстарында) аумағында Ақмола облысындағы кәсіпорындар мен кеніштерден құрамында алтыны бар материалдарды ұрлаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне жол бермеу мақсатында арнайы операция жүргізізді.
Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірістерді қаржыландыру және заңдастыру арнасы жойылды.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар «бригадирлерге» жүйелі түрде демеушілік жасап, олар өз кезегінде заңсыз алтын өндіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасаған.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз өндіруді ұйымдастырудан бастап зергерлік дайын бұйымдар түріндегі өнімді өткізу пункттеріне дейін, оның ішінде жасырын жерлерге тасымалдау және өнімге жалған құжаттар дайындау сияқты қылмыстық тетіктің барлығы әшкереленді, - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылғы 27 тамызда тінту іс-шараларын жүргізу барысында (43 нысан) табылып, тәркіленді:
-Құрамында алтыны бар металл өндіру цехтарының қызметін ұйымдастыруға арналған жабдықтар (ұсақтау қондырғысы, химикаттар-реактивтер және басқа да қолдан жасалған құрылғылар),
- Алматы және Шымкент қалаларындағы зергерлік бұйымдарды балқыту және өндіру бойынша 2 заңсыз цех (онда балқыту станоктары, алтын құюға арналған қалыптар, қиыршықтас-концентраттар және басқа да жабдықтар болған);
95 млн. 801 мың теңге сомасында ақшалай қаражат және 356 мың АҚШ доллары;
Жалпы салмағы 10 кг-нан асатын алтын бұйымдар мен құм;
13 қымбат автокөлік (оның ішінде Лексус ЛХ 570, Нисан Патрол, Тойота 2020-2021 ж. ш., т. б.);
5 атыс және суық қару;
Заңсыз цехтың қызметі бойынша құжаттар, Шымкент қаласындағы «қара бухгалтерия».
Қылмыстық әрекетке күдікті барлығы 32 адам ұсталды, олардың 9 адамы ҚІЖК 128-бабымен УҰИ-ға қамалды.
ҰҚТ ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, ҚК-тің 262-б, 1-бөлігі, 2-бөлігі, 188-бөлігі, 4-бөлігі және 196-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.