ІІМ: Үйлерінен кеткен халықтың жеке мүлкін қорғау үшін қосымша күш жіберілді

12 Маусым 2023, 11:09
595
Бөлісу:
ІІМ: Үйлерінен кеткен халықтың жеке мүлкін қорғау үшін қосымша күш жіберілді
Фото: ТЖМ

Үйлерінен кеткен халықтың материалдық құндылықтары мен жеке мүлкін қорғау үшін Абай облысының Бородулиха ауданына қосымша күш жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді.

Абай облысындағы жағдай әлі де күрделі. Тәуекел аймақтарында Төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге құқықтық тәртіпті қорғау органдары мен Ұлттық ұланның қызметкерлері де қызмет атқарып жатыр. Жергілікті тұрғындарды ұйымдасқан түрде эвакуациялағаннан кейін полиция өз үйлерінен кеткен халықтың материалдық құндылықтары мен жеке мүлкін қорғауды жүзеге асырады. Сол үшін Бородулиха ауданына қосымша күш жіберілді, - деп атап өтті аға инспектор.

Айтуынша, көліктің барлық түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және реттеу жолға қойылған.

Сондай-ақ төтенше жағдай режимін, азаматтар мен көлік құралдарының келу және кету тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды ел шығысында орын алған ауқымды өртте қаза тапқандарды еске алу үшін жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Абай ауданындағы өртенген жердің көлемі әлем бойынша ең ірі табиғат өрті болып саналады. Өрт салдарынан «Семей орманы» қорығының 14 жұмысшысы қаза тапты, - деді Ақтоты Боранова.

Өзгелердің жаңалығы