Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
1 шілдеден бастап еліміз бойынша 16 тергеу изоляторын медициналық қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігіне өтті. Еске салайық, 2021 жылғы 19 шілдеде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету саласындағы функциялар Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелетін Жарлыққа қол қойды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Ол атағандай, мақсат – азаматтардың медициналық қызметтерге сапалы және тең қолжетімділігі және қамауда ұстау жағдайында азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін заңсыз әрекеттердің алдын алу.
Сонымен қатар қабылданған шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі медициналық кадрлардың тапшылығын және олардың жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтық дәрігерлерден кем емес еңбекақысын төлеу мәселесін шешеді, - деді ол.