ІІМ қаңтардағы адам шығыны шабуылды ұйымдастырушыларға айып ретінде тағылуы керегін айтты

1 Тамыз 2022, 15:08
1328
Бөлісу:
ІІМ қаңтардағы адам шығыны шабуылды ұйымдастырушыларға айып ретінде тағылуы керегін айтты
Фото: ortcom.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі. 

Қайғылы оқиғалар барысында көптеген азамат зардап шекті, олардың бірқатары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен арандатушылардың ықпалына еріп, қылмыс жасауға барған. Салдарынан мемлекеттік органдардың 71 ғимараты, 700-ден астам автокөлік жойылып зақымдалған, оның ішінде жедел жәрдем, полиция және өртке қарсы қызметтердің көліктері де бар, - деді Қожаев. 

Ол атағандай, 1,5 мыңнан астам бизнес нысандары зардап шекті, оларға аса ірі мөлшерде шығын келтірілген, ең өкініштісі - азаматтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері қаза тапты.

Осы салдардың барлығы террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға айып ретінде тағылуы тиіс деп ойлаймыз, себебі олар дәл осындай зардаптың болуын алдын-ала болжап білген, әрі қалаған, сондай-ақ елдегі қалыпты қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісіп, тұрақсыздануын қалаған, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы