ІІМ ПТР сынамасы мен вакцинация паспортын қолдан жасаушыларды анықтауда

14 Шілде 2021, 15:00
2705
Бөлісу:
ІІМ ПТР сынамасы мен вакцинация паспортын қолдан жасаушыларды анықтауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта халықтың денсаулығын сақтау Үкіметінің өзекті бағыттарының бірі. COVID-19 коронавирустық инфекциясы және онымен байланысты жағдайлар барлық салаларға айтарлықтай өзгеріс енгізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресудің бірден-бір әрі сенімді жолы вакцина салу екенін атап өтті.

ПТР-тесттерді қолдан жасау және пайдалану фактілері бойынша Ішкі істер министрлігі өз құзіреті шегінде қажетті шаралар қабылдауда. Кейбір азаматтар қазіргі жағдайды пайда табу үшін пайдаланады, ПТР тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспортын қолдан жасайды, осылайша коронавирустың таралуына септеседі, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Негізінен сатуға арналған ұсыныстар Интернетте және әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы орналастырылады, ал «сатушылар» үнемі өзгеріп отыратын виртуалды телефон нөмірлерін жиі пайдаланады.

Сондықтан Ішкі істер министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде жалған құжаттарды сату туралы жарнамаларды анықтау үшін тұрақты бақылау топтары жұмыс істейді. Тек шілде айының басынан бастап 41 осындай жарнама анықталды, мұнда белгілі бір сомаға вакцинация туралы жалған куәліктер (паспорттар) немесе тестілердің оң немесе теріс нәтижелері бар тестілік формалар ұсынылады.

Ішкі істер органдары жалған ПТР сертификаттарын және вакцинация төлқұжаттарын сату фактілерін анықтау бойынша басқа да шараларды қабылдауда. Полицейлер жалған құжаттар беру фактілерін анықтау үшін медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина қабылдау пункттерін тексеруді жалғастыруда, - деп хабарлады ведомстводан.

Жыл басынан бері ішкі істер органдары жалған ПТР сынамаларын сату және пайдалану бойынша 25 қылмыстық іс және жалған вакцинация төлқұжаты бойынша 11 іс қозғады.

Өзгелердің жаңалығы